ҚАЗ    РУС    ENG

18.11.2026 01:49:59
175162.9609375

СҚҚКО жайында

Қызметкерлерге және білім алушыларға қызмет көрсету орталығы (әрі қарай - Орталық) Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Өз қызметінде Орталық Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» заңын, ҚР БҒМ-ның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы бұйрықтарын, білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді және Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ-дың ішкі ережелерін басшылыққа алады. Орталық мынадай мемлекеттік қызметтерді ұсынады. Орталықтың құзыреттілігіне мынадай анықтамаларды беру кіреді:
- транскриптілер;
- студенттің жоо-да білім алу фактісін растайтын, соның ішінде ЗТМО үшін анықтамалар;
- әскери комиссариатқа ұсыну үшін анықтамалар;
- Елшілікке ұсыну үшін анықтамалар;
- шәкіртақы алу туралы анықтамалар;
- оқыту құны туралы анықтамалар;
- қосымша білім беру факультетінің тыңдаушылары үшін анықтамалар;
- қызметкерлерге жұмыс орнынан анықтамалар.
   Мемлекеттік қызметтерді алу (ЭЦҚ болған жағдайда)

ТАНЫМАЛ ҚЫЗМЕТТЕР